Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты

Байқау

Құрметті мектеп оқушылары және ұстаздары!

«Санат» Республикалық кәсіби даму орталығы оқушыларға арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Республикалық Байқау өткізетінін жариялайды.

1. Байқауға қатысу шарттары

1.1 Байқауға Қазақстан Республикасының 1—11 сынып оқушылары қатысады.
1.2 Байқауға қатысушы берілген тақырыптардың ішінен өзіне ұнағанын таңдап, сол бойынша жұмысын, қатысушы жайлы мәліметті, төлем жасағанын растайтын түбіртекті (квитанция) +7 777 166 54 27 WhatsApp нөмеріне немесе sanat.konkurs@mail.ru электронды поштасына жіберуі міндетті.

2. Байқауды өткізу тәртібі

2.1 Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын (сурет, бейнежазба) +7 777 166 54 27 WhatsApp нөмеріне немесе sanat.konkurs@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
2.2 Қатысушы жұмыстарын қабылдау 2021 жылдың 17 мамырынан 1 шілдеге дейін қабылданады, байқау нәтижесі 2021 жылдың 15 шілдесі күні жарияланады.
2.3 Қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орын дипломдары, сертификаттар, ұстаздарға арнайы грамоталар ұсынылады. Балаларды байқауға дайындағаны үшін барлық мұғалімдер, балаларды ұсынған шығармашылық топтардың жетекшілері марапатталады. Сонымен қатар жүлделі және ерекше жұмыстар «Профессиональное развитие» ғылыми-тәжірибелік журналында басылымға шығарылады.

3. Оқушыларға арналған байқау номинациялары:

3.1 Өлең, поэзия. Мәнерлеп жатқа оқу

— Анаға, Әкеге
— Абай өлеңдері
— Мұқағали Мақатаев өлеңдері
— Тәуелсіз Қазақстан — мекенім
— Еркін тақырып

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Бұл номинацияда таңдалған тақырып бойынша шығарманы жатқа, мәнерлеп, сезіммен оқу қажет. Жұмыс бейне материал түрінде ұсынылуы керек.

3.2 Эссе жазу

— Тәуелсіздікке 30 жыл
— Туған жерімнің туын көтеруге үлес қосар едім
— Абайдың адамзат үшін құндылығы
— Келді көктем құлпырып
— Еркін тақырып

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Бұл номинацияда оқырмандарды ойлануға шақыратын таңдалған тақырып бойынша эссе жазу талап етіледі. Тұжырымдау қабілеттілігі арқасында өзіндік пайымдау жасап, логикалық дәйектілікпен ойларды білдіріп, қорытынды жасай отырып, оқырмандарда эмоционалды жауап туындату қажет. Ұсынылатын сөз саны — 250—300 сөз.

3.3 Сурет салу сайысы

— Тәуелсіздік — тұғырым
— Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы
— Суретші болу арманым (еркін тақырып)
— Туған жер табиғаты

Бұл номинацияның мақсаты — мектеп оқушыларының шығармашылығы мен көркем қиялын дамытуға үлес қосу, балалардың дарындылығын анықтау. Біз кез-келген техникада ақ-қара және түрлі-түсті суреттерде салынған суреттерді, сурет салу құралдарын қолдана отырып, сондай-ақ графикалық модельдеу және дизайн бағдарламаларын қолдана отырып, толық немесе жартылай орындалатын жұмыстарды қабылдаймыз. Жұмыстар жақсы жарықта түсірілген фотосуреттер немесе *jpeg, *png, *pdf (графикалық бағдарламаларды қолданған жағдайда) форматындағы кескіндер түрінде қабылданады.

4. Бағалау

Қатысушы жұмыстарын арнайы тағайындалған Сарапшы комиссиясы бағалайды.

5. Төлем

5.1 Байқауға қатысу үшін 800 (сегіз жүз) теңге ұйымдастыру жарнасын төлеу.
5.2 Төлем жүргізу реквизиттері:

«Санат» Республикалық
кәсіби даму орталығы»
БСН 151140009455
БСК CASPKZKA
ЖСК KZ75722S000001653312
АҚ «KASPI BANK»

Сондай-ақ, төлемді Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады: Төлемдер → Білім → Санат Нұр-Сұлтан.

Байқау қатысушысын тіркеу жұмыстары ұйымдастыру жарнасы төленгеннен кейін және құжаттар толық жеткізілгеннен кейін жүзеге асады.

Ережеге сәйкес келмейтін және белгіленген уақыттан кейін жіберілген жұмыстар байқауға жіберілмейді.

Ескерту: Байқаудың ұйымдастырушылары қатысушылар туралы барлық жеке ақпарат құпия түрде сақталатындығына кепілдік береді.

Байқауға қатысу туралы сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне +7 777 166 54 27 хабарласуға болады. Жұмыс уақыты: 09:00-18:00-ге дейін.

Қатысу шарттары

  • 1—11 сынып оқушыларына арналған
  • 3 номинациядан таңдалатын тақырып
  • Жұмыстарын қабылдау 2021 жылдың 17 мамырынан 1 шілдеге дейін

Номинациялар

Тақырып 3 номинациядан таңдалады. Өз жұмысыңызды жібермес бұрын номинация шарттарын мұқият оқып шығыңыз.

Жұмысымды қалай тапсырамын?

Өз жұмыстарын (сурет, бейнежазба) +7 777 166 54 27 WhatsApp нөмеріне немесе sanat.konkurs@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Жұмысыңызды жіберген кезде міндетті түрде төмендегі форманы қолданыңыз (Қосымша № 1).

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге sanat.konkurs@mail.ru арқылы, немесе +7 777 166 54 27 телефонына хабарласу болады.